Тұрғын үй жалдау субсидиясы коммуналдық төлемдерге берілмейді

872

0

«Отбасы банк» АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимова тұрғын үй жалдау субсилиясы туралы ең жиі қойылып жатқан сұрақтарға Facebook-тегі парақшасы арқылы жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл төлемдер – тұрғын үй жалдайтын жекелеген отбасыларға бюджет қаражаты есебінен өтеусіз негізде берілетін, өтемақы түріндегі мемлекеттік қолдау», – деп бастайды Ләззат Ибрагимова.

Мұндағы бірінші кезекте ескеретін жайт, бұл төлемдер коммуналдық төлемдерді қамтымайды. Яғни, тұрғын үй жалдау субсидиясы тек баспана жалдау шығыны бойынша ғана төленеді, жалдап отырған пәтердің коммуналдық төлемдеріне субсидия берілмейді.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау кезінде бұл төлемдер жүзеге асырылмайды. Яғни сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйде тұратын азаматтар бұл бағдарламаға қатыса алмайды», – деп жазады «Отбасы банк» басшысы.

Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы Нұрбол Көкенов тұрғын үй жалдау субсидиясы қолға берілмейтінін айтқан болатын.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<