Тұрғындардың кәсіп бастауына жәрдемдеспеген 382 өзбекстандық шенеулік қызметінен босатылды

509

0

Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттік орган басшыларымен өткізген кеңес барысында тұрғындарды кәсіпкерлікке баулу мәселесін жүйелі шешпеген жергілікті атқарушы билік өкілдерін сынға алды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сәуір айында басталған тұрғындарды қолдау жобасының нәтижесінде 365 мың адам жұмыспен қамтылып, кәсіпкерлікке тартылған. 

Банктер несие алып, өз ісін бастауға ниетті азаматтармен тығыз жұмыс істей бастады, сәйкесінше 115 мың адам еңбекке араласты. Махалляларда 70 мың микрожоба жүзеге асып, 465 мың гектар жерге көкөніс пен жеміс-жидек егілді.

«Алайда, кейбір аймақтарда жұмыс баяу жүріп жатыр. Мәселен, 7 аудандағы ахуалды зерттеу барысында ондаған үй учаскесінде бірде-бір дақыл егілмегені анықталды. Сондықтан осындай кемшілікке жол берген аудандық деңгейдегі 382 жауапты тұлға қызметінен босатылды», – деп мәлім етті Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінен.

Қоса кетсек, жыл басынан бері 115 мың өзбекстандық еңбек мигранты Отанына оралды. Тиісінше, Шавкат Мирзиёев оларды жұмыспен қамтуға жағдай жасауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<