Құрметті облыс тұрғындары және қонақтары!
2024 жылдың 20 мамырында Қызылорда қаласындағы Сол жағалау «Болашақ» университетінің ғимараты аумағында антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуі жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты – террорлық қауіп төнген жағдайда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасауының дағдыларын қалыптастыру.
Осы күні сағат 15:00 -18:00 уақыт аралығында белгіленген ауданда уақытша шектеу енгізіледі. Оның ішінде осы аймақта жаяу жүргіншілер мен автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
Осы орайда, түсіністік танытып, алаңдатушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, оқу жаттығу жұмыстарына қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<