Туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды

211

0

Фото: Жалағаш ауданы

Кеше аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен өткен мәжілісте туризм саласын дамыту және туристік әлеуетті арттыру бағытындағы нақты шаралар қаралды.

Жиында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің бойындағы сервистік кешеннің талапқа сай жұмыс істеуін бақылау, аудандық және облыстық маңызы бар жолдардың санитарлық тазалығын күнделікті қадағалау тапсырылды.

Сонымен қатар, тарихи-мәдени ескерткіштер мен мұраларды насихаттау мақсатында бейнероликтер әзірлеу, сондай-ақ экскурсиялар ұйымдастыру бойынша жұмыстар жандандыру қажеттігі атап өтілді.

Аудан әкімі туризм саласындағы жұмысты үйлестіруді күшейту және туристік сервистерді жақсарту бағытында жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі