Үздік әлеуметтік ұйымдар анықталды

298

0

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «ҮЕҰ-ға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Жастар орталығында облыстық «Үздік ҮЕҰ» және «Үздік әлеуметтік жоба» байқауының салтанатты марапаттау шарасы өтті.

Шара аясында байқау жеңімпаздарын Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Азамат Мукеев марапаттап, облыстық Азаматтық Альянсы қауымдастығының негізін қалаушы Дариха Ақмағамбетқызы және экс-басшысы Әлима Жақыпқызы жылы лебіздерін білдірді.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегі ұйымдар Дәрежелі орындармен марапатталды:

– Бас жүлде – «Көкжиек» қоғамдық қоры, Турбаева Аймен Сексенбайқызы, Қызылорда қ., Тасбугет кенті;

– І орын – «Аңсаған» МШБ» қоғамдық бірлестігі, Раймбаева Бақыткүл Қартайқызы, Қармақшы ауданы;,

– ІІ орын – «Ару ана» қоғамдық бірлестігі, Сарымсақова Раушан Төлетқызы, Қызылорда қаласы;

– ІІІ орын – «Темірқазық» жастар қоғамдық бірлестігі, Табынбай Ақнұр, Жалағаш ауданы.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегі ұйымдар алғыс хатпен марапатталды:

– «Golden Qazaqstan» жастар қоғамдық бірлестігі, Қызылорда қаласы;

– «Жарқын болашақ аула клубы», Жаңақорған ауданы;

– «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігі, Жалағаш ауданы;

– «Қарлығаш» шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігі, Қызылорда қаласы.

Шара соңында естелік суретке түсу рәсімі және концерттік бағдарламамен жалғасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<