Ұшақ бортында 17 жасар қыздың қайтыс болуына байланысты іс қозғалды

393

0

Фото: ҚазАқпарат

Қазаннан Анталияға ұшып бара жатқан ұшақ бортында 17 жасар қыздың қайтыс болуына байланысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 17 қыркүйек күні Орал станциясындағы желілік полиция бөлімі зорлық-зомбылық белгілері жоқ өлім дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды» деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралға қонған ұшақта 17 жасар қыздың көз жұмғанын жазған болатынбыз. 

Ұшақ 17 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12.44-те Қазаннан Анталияға ұшып шыққан. 

Ұшу кезінде 17 жасар мүгедек қыздың жүрегі тоқтап қалған. Осы рейспен келе жатқан екі дәрігер қыздың жүрегіне массаж жасап, жасанды демалдырғанымен, одан ештеңе шықпады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<