Шиелі ауданында қазақ күресінен ақ күріштің атасы атанған, даңқты диқан бабамыз Ыбырай Жақаев атындағы республикалық турнир өтті.
Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған бәсекеде еліміздің барлық өңіріндегі балуандары боз кілемде белдесті. Дүбірлі додаға келген палуандардың қай-қайсысы болмасын түрлі жарыстарда жүлделі орын алған, еліміздің чемпиондары, құрлықтық бәсекелердің бәрінде алдыңғы қатардан көрінгендер.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы құттықтау сөз сөйлесе, Қазақстан Республкасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Марат Жақыт өз лебізін білдіріп, жарысқа қатысушыларға ізгі тілектерін жеткізді.
Шиелі ауданында Қазақ күресін кеңінен насихаттап, оған жасөспірімдер мен жастарды көбірек тарту мақсатында биылғы жылы бұқаралық спортты дамыту бағытындағы 74 аудандық, 8 облыстық, 4 республикалық жарыс өткізілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<