Ялтадағы «Глициния» мемлекеттік саяжайы саудаға шығарылды. Бұл туралы Қырым парламентінің спикері Владимир Константинов хабарлады, деп жазады https://www.mk.ru/.
Саяжайды сатудан түскен қаржы республика қазынасын толтырады. СССР-ді ұзақ жыл басқарған бас хатшының резиденциясы 1 млрд рубльге бағаланып отыр.
Парламентарий саяжайды сатып алуға ниеттілердің бар екендігін де атап өтті. Осыған дейін осындай жолмен ел бюджетіне 2,59 млрд рубль түскен.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<