Ыстық су: Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

493

0

Фото: Қала әкімдігі

Өздеріңізге белгілі, қала әкімдігі тарапынан көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерін орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шараларды қабылдау мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылып, алгоритмі бекітілген болатын.

Қазіргі таңда, бекітілген алгоритм бойынша жұмысшы топ қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үй пәтер иелерімен орталықтандырылған ыстық суға қосу және оны жүргізу бағытында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Айта кету керек, тұрғындар тарапынан ыстық су жүйесіне қосылу жұмыстары шығынсыз, ақысыз негізде мердігер мекеме тарапынан жүргізіледі. Одан бөлек, мердігер мекеме тарапынан көпқабатты тұрғын үйдің жертөледегі (подвал) сулары тазартылып, электр желісі, ауыз су, кәріз, жылу жүйесінің құбырлары жаңартылатын болады.

Осы орайда, аралау барысында тұрғындардан қолдау күтеміз, әрі түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізуге мүмкіндік берулеріңізді сұраймыз!

Қызылорда қаласының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<