ҚР Халықаралық Арал теңізін құтқару қорының Атқарушы дирекциясының ұйымдастыруымен балық ресурстарына ұқыпты қарауды көрсету мақсатында «Aral Fish» мұздан қысқы балық аулау бойынша спорттық – экологиялық турнир өткізілді.
Аталмыш турнирге аудан әкімінің орынбасары Бектемір Ұлыбекұлы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен арнайы медальдарды табыстады.
Турнирге Қазалы, Байқоңыр, Арал қалаларынан барлығы 16 команда құрамында 80-ге жуық балық аулаушылар қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша командалық және жекелей сынақ бойынша «Аулаудың ең жоғары жиынтық салмағы», «Ең ірі балық», «Жарыстың ең жас қатысушысы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Командалық сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды Байқоңыр қаласының командалары өзара бөлісті. I орынды «Протон» командасы жеңіп алды. Жүлделі II орынды «Шчупак» командасы иеленсе, III орынға «Союз» командасы ие болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<