Қызылордада есімі елден ерекше сәби дүниеге келді

1423

0

Қызылордалық ата-ана жаңа туған перзенттеріне Нұрпрезидент деп есім берген. Шаңырақтағы екінші сәбиіне ерекше есім қойған азаматтар Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғындары деп хабарлайды NUR.KZ.

Баланың желіге таралып кеткен туу туралы куәлігі қызу талқыға түсті. Аты-жөні ерекше сәби жайлы Қызылорда облысының АХАЖ бөлімі де растады.

«Нұрпрезидент есімді сәбидің бар екені рас. Ол отбасындағы екінші бала. Ата-анасы 26 жаста. Баланың ата-анасы Қызылорда облысы Шиелі ауданында тұрады», – деді мамандар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<