Ағымдағы жылдың тамыз айының 27-і мен қыркүйек айының 5-і күндері аралығында облыс көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы басталады.
«Жасөспірім» өткізу барысында кәмелетке толмағандармен және олардың қатысуымен жасалған құқық бұзушылықтарды, кәмелетке толмағандарға қатысты басқа да құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау мақсатында жасырын сауалнамалар жүргізіледі.
Іс-шара кезінде облыс көлемінде жергілікті полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып кәмелетке толмағандардың көп жиналатын орындарында рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<