Қызылордада жекеменшік балабақшалар мемлекет қаржысын жымқырған

296

0

Қызылордада жекеменшік балабақшалар мемлекет қаржысын жымқырған Қызылорда облыстық прокуратурасы Қызылорда қалалық білім бөліміне тексеру жүргізді. Аталмыш шара барысында жекеменшік балабақшалар тарапынан субсидия жымқырудың жүйелік схемасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

«Тәрбиеленушілер санын арттыру үшін жекеменшік балабақша иелері мен меңгерушілер жалған сенімхаттар көмегіне жүгінген. Сол сенімхаттардың көмегімен ата-аналардың атынан халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы балаларды өздерінің мекемелеріне ауыстыру туралы арыздар толтырған. Осындай жолмен олар мемлекеттік дотация көлемін арттырып отырған», – делінген облыстық прокуратура хабарламасында. 

Аталған деректер бойынша облыстық прокуратура тиісті орындарға жолдау үшін 4 құжат тіркеді. Қазіргі таңда бұдан басқа 19,4 млн теңге болатын 5 құжатты тіркеу мәселесі шешілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<