Ауыр атлетикадан әлемге танылған, бірақ Олимпиада ойындарының медалінан айырылған қазақстандық зілтемірші Илья Ильин екі жылдық үзілістен кейін үлкен спортқа қайта оралды. Қазақстан чемпионатын еш қиындықсыз жеңген Илья Ильин алғаш рет өзі жайлы сұхбат берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Танымал спортшы Sports True арнасына берген сұхбатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен достығы жайлы және басына қиындық түскен кезде ішімдікке тәуелді болған кездері туралы айтып берді. Сонымен қатар, Ильин Токиода екі жылдан кейін болатын олимпиада ойындарына дайындығы және қызымен қарым-қатынасы жайлы әңгімеледі.
Ильин сұхбат барысында Назарбаевтың тек маңызды жарыстарда, яғни әлем чемпионатында, олимпиада ойындарында хабарласып, қолдау көрсететінін айтты. Спортшының айтуынша, ол елбасымен жиі кездеседі. Мысалы, ол Назарбаевты жақында екі ай бұрын төрт мемлекеттің басшылары бас қосқан үлкен шарада көрген және оны туған күнімен құттықтаған.
«Елбасын соңғы рет екі ай бұрын төрт мемлекеттің басшылары бас қосқан шарада көрдім. Сол кезде қол алысып, туған күнімен құттықтаған болатынмын. Назарбаев ол кезде де әдеттегідей, хал-жағдайымды сұрап, қолдау көрсетті. Менде, қалыпқа келгенімді және бәрі жақсы екенін айттым»,-дейді Илья Ильин.
Сондай-ақ, ол Экспо кезінде де елбасының өзіне екерше көңіл болып, қиын сәтте үлкен қолдау көрсеткенін айтты.
«Ол кезде Қызылорда қаласы өзінің өнімін таныстырып жатқан болатын. Сонда президент: «Илья сен мен үшін чемпионсың, соны біліп жүр. Бәрі жақсы. Өзіңді қолға ал» деді. Тағы бір үлкен іс-шарада да елбасымен кездесіп қалдым. Назарбаев онда да маған үлкен сенім артып, қолдау көрсетті. Сол кезде мен бәрі жақсы екенін, мені қолдап, жебеп жүретін періштем бар екенін түсіндім»,- дейді қазақстандық спортшы Илья Ильин.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<