Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы департаменті «Қазақстан Медициналық Зертханалар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің тегін медициналық көмектің кепілдірілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде пренаталдық скрининг бойынша зертханалық қызметтерді көрсету кезіндегі кедергілерге қатысты өтінішін қарау қорытындысы бойынша қалалық және аудандық емханалардың іс-әрекеттерінде заңнама бұзушылығы белгілері анықтады.
Мәселен, №3 және №6 қалалық емханаларды қоспағанда, аудандық және қалалық емханалар нарықтағы өздерінің монополиялық жағдайларын теріс пайдалана отырып, жүкті әйелдерге ұйымды еркін таңдау берілмей, пренаталдықскрининг көрсету кезіндегі бірінші триместрдің аналық сарысу маркерлеріне талдау жүргізу үшін жүкті әйелдердің қан үлгілерін облыстық перинаталдық орталыққа ғана жолдап отырған.
Осындай әрекеттердің нәтижесінде аталған зертеулерді жүргізетін жеке меншіктегі медициналық зертханалардың құқықтары да бұзылып, оларға қысым жасалды.
Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша департамент пренаталдық скринингті ұйымдастыру кезінде кемсітушілік жағдайлар жасауды тоқтату және тауар нарығына кіруге кедергі жасамау туралы 15 хабарлама шығарды.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<