Өзгерістер өлшемі қандай?

331

0

Өзгерістер  өлшемі  қандай? Этникалық 

қазақтардың 

зейнетақы төлемдері 

қалай есептеледі?

Елбасының V Дүниежүзі қа­зақтарының құрылтайында берген тапсырмасын орындау үшін кейбір заңнамалық актілер тарихи отанына оралған этникалық қазақтардың еңбек өтілін есепке алу ережелерімен, аталған норманы  жүзеге асыратын қағида этникалық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметін растайтын құжатпен толықтырылды.

Бұл норма осы жылдың 8 қаңтарынан бастап күшіне енді. Құжаттың бірыңғай нысаны, сондай-ақ оны жария ету бо­йынша қандай да бір ерекше талаптар көзделмеген. Тек шыққан елде берілген құжаттар туралы екенін ескере отырып, құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылуы еліміздің “Нотариат туралы” заңына сәйкес куәландырылуы тиіс.

Осылайша зейнетақы төлем­дерін тағайындау кезінде этни­калық қазақтардың шығу елін­дегі еңбек қызметін есепке алу мәселері заң жүзінде реттелген.

Мемлекеттік 

базалық 

зейнетақыны  

тағайындауда 

не өзгеріс бар?

Қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға, оны жүзеге асыратын қа­ғи­да­­ға өзгерістер мен толық­ты­­ру­лар енгізіліп, 2018 жыл­­дың 1 шілдесіне дейін база­лық зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне және табысына қарамастан баршаға бірдей та­ғай­ын­далған болса, ал 1 шіл­деден  бастап мемлекеттік база­лық зейнетақыны тағайындау әдіс­темесі өзгерді.

Базалық зейнетақы тек жал­пыға бірдей белгіленген зей­­неткерлік жасқа жеткен кезде (58-63/63 жаста), оны та­ғайындау үшін қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі, 1998 жылғы 1 қаң­тардан кейінгі (міндетті зей­нетақы жарналары, міндетті кә­сіптік зейнетақы жарналарын төлеу кезеңдері) жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңдері есепке алынады.

Бұл ретте базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса немесе мүлдем болмаса, онда оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды. 10 жылдан артық әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ке ұлғайтылады, ал 33 жыл және одан көп болса, ол ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына тең болады. (жалпы өтілі 33 жылдан көп болса, базалық зейнетақының мөлшері – 29698 теңге (2019 жылға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ЕТКД 100 %-ін) құрайды.

Қағидаға Еңбек және  халық­ты әлеуметтік  қорғау минист­рінің  бұйрығымен   толық­ты­рулар енгізілді. Бұл тар­мақта міндетті зейнетақы жар­налары толық және уақытылы ауда­рылмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері қандай құжаттармен расталатындығы көрсетілген. Мін­детті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер өтініш беруші еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметінің кезеңдеріне сәйкес келсе, міндетті зейнетақы жар­на­ларын аудару туралы жұ­мыс берушінің (құқықтық ми­расқордың) немесе архивтік ме­кеменің растау анықтамасы керек. Жарналарды аудару кезең­дері сот органдарының шеші­мі негізінде расталады.

Осыған байланысты 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі мін­детті зейнетақы жарналары жинақтаушы зейнетақы қоры­на толық немесе уақытылы ауда­рыл­маған зейнетақы төле­мін алу­шылар міндетті зейнет­ақы жарналарының аудару кезең­дері еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметінің кезеңдеріне сәйкес келсе, міндетті зейнетақы жар­наларын аудару туралы жұ­мыс берушінің (құқықтық мирас­қордың) немесе архивтік меке­менің растау анықтамасын тұр­ғылықты жеріндегі мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне  өтінішімен қоса тапсыруы қажет.

Егер мекемесі немесе құқық­тық мирасқоры болмаған, жұ­­мыс істеген мекемесінің құ­жат­­тары мұрағат бөліміне сақ­­тауға түспесе, яғни аталған органдар міндетті зейнетақы жарналарының аудару кезең­дерін дәлелдей алмаса, сот шеші­мі негізінде растауға болатынын түсіндіреміз.

Осы заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты есепте тұрған зейнеткерлер  қосымша құжаттар тапсырған кезде  зей­нетақы төлемдерінің мөлшері өтініш берген күннен бастап қайта қаралады.

        Лиман БОРАНБАЕВА,

еңбек, әлеуметтік 

қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<