Тамыз айының аяғында «Перспективы науки и образования – Perspectives of Science and Education» журналының төртінші нөміріне Қызылорда «Болашақ» университенің профессоры, саяси ғылымдарының кандидаты М.Ө.Насимов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің докторанты Б.Ж.Паридинова және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ш.М.Майгельдиеваның «Рухани қауіпсіздік туралы ғылымдағы түсініктер» атты мақалалары ағылшын тілінде жарық көрді.
Бүгінде рухани қауіпсіздік қоғамның ең маңызды өлшемдерін қорғайтын шарттар жүйесін құрайды. Жаһандану жағдайында рухани қауіпсіздік ең маңызды мәселеге айналып отыр.Рухани қауіпсіздік ғылымда әлі терең зерттелмегендіктен, ұғым түсініктері бойынша қарастырылатын өзекті мәселелер өте көп. Берілген мақалада авторлар заманауи қоғамдағы өзекті мәселе болып табылатынрухани қауіпсіздік және оның негізгі түсініктеріне ерекше назар аударады.Зерттеу жұмысында рухани қауіпсіздік ұғымын теориялық тұрғыдан түсінудің өзектілігі мен маңыздылығын дәйектеледі. Рухани қауіпсіздіктің қалыптасуы мен сақталуындағы кейбір теориялық мәселелер ұсынылған.Берілген мақалада түсінік руханилық, рухани дүниетаным және рухани қауіпсіздік сынды өзара байланысты ұғымдар, адам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі білімнің рөлі мен адамның рухани интеллектісі негізінде талданады. Рухани қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қоғамның руханилығын жетілдірудің түрлі шараларын қабылдау қажеттілігін дәйектейді.
Жалпы «Перспективы науки и образования- Perspectives of Science and Education»жылына 6 рет жарық көретін рецензияланатын халықаралық электронды журнал болып табылады. Журнал Scopus халықаралық реферативті мәліметтер базалары мен сілтемелер беру жүйесіне енетін ғылыми басылымдар тізімінде индекстеледі. Журналдың мақсатына философия, психология, әлеуметтану, физиология, медицина, тарих, білім беру саясаты мен құқығы, экономика, статистика секілді т.б. іргелес ғылым салаларының өзекті мәселелерін жедел түрде жариялау жатады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<