Бүгінде еліміз әлемдік аренада өзіндік орнын алған, дамыған мемлекеттермен терезесі тең тұр, сондай-ақ халықаралық рейтингтерде ұдайы жоғарылау үстінде. Осындай рейтингтердің бірі жаһандық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші болып табылады.
Жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің индексі әр түрлі экономикалық даму деңгейінде дамыған әлем мемлекеттерінің ұлттық бәсекеге қабілеттілікті айқындайтын 12 бақылау көрсеткіштеріне біріктірілген.
2018 жылғы 17 қазанда Дүниежүзілік экономикалық форум 2018 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша жыл сайынғы есебін жариялады. 12 бәсекеге қабілеттік факторыныӊ арасынан 5 фактор бойынша жақсартулар, 4 фактор бойынша төмендеу орын алды, 3 фактор бойынша жайғасым төмендеген жоқ. 98 индикатордыӊ арасынан 50 индикатор бойынша жақсартулар орын алды, 34 индикатор бойынша нашарлады және 14 индикатор бойынша өзгерістер жоқ.
Биылғы жылы рейтингте Америка Құрама Штаттары бірінші орын алды, ол соӊғы 5 жыл ішінде көшбасшылардыӊ үштігіне енуде. Сингапур, Германия, Швейцария және Жапония рейтинг көшбасшылары болып қалуда.
2018 жылғы рейтингтіӊ нәтижелері бойынша Қазақстан 61,8 орташа баллмен 59-орынды иеленді, яғни 2017 жылғы жайғасымда қалды.
Қазіргі таңда әділет органдарымен Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісіндегі Қазақстан ұстанымын жақсарту мақсатында, «Меншік құқығы», «Әкімшілік реттеуді даулауда заңнаманың тиімділігі», «Дауларды шешуде заңнаманың тиімділігі», «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» 4 индикаторы бойынша бірқатар шаралар іске асырылуда.
Елімізде зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалану фактілерінің алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу бойынша құқық қолданушылық практиканы әрі қарай жетілдіру бойынша шаралар қабылданды.
Жаңа Қылмыстық және Әкімшілік кодекстердің қабылдануына орай қазіргі таңда әділет органдарының құзіретінде тауар таңбаларын заңсыз пайдалану фактілері бойынша (ҚР ӘҚБтК-тің 158 бабы) әкімшілік іс жүргізулерді қозғау бойынша өкілеттіктер ғана қалды.
Зияткерлік меншік – шағын және орта кәсіпкерлер қызметтерінің табысын анықтайтын негізгі фактор. Ал зияткерлік меншікті тиімді пайдалану олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Зияткерлік меншік объектілерін пайдаланушы тұлғалармен, кәсіпкерлермен мекеме, ұйымдарда 831 шығулар ұйымдастырылды, 64 дөңгелек үстелдер, 64 семинарлар, 44 газетке мақала, 20 – телеарна, радиодан сұхбат, оның 3-і бейнеролик, 562 дәрістер өткізіліп, Веб сайтқа 71 материалдар орналастырылды. 8 – «Қол өнер бұйымдары, суретшілер» көрмелері өткізілді. «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторын жақсарту мақсатында облыс әділет органдары ақпан айы бойына үкіметтік емес ұйымдар, құқық қорғау органдары, кәсіпкерлермен контрафактіге деген теріс көзқарасты қалыптастырып, отандық нарықта контрафактілік өнімдерді азайтудың жолдарын қарастырып, бірігіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Контрафакт» республикалық акциясын өткізу аясында әділет департаментінен Министрлік өткізген конкурстың қорытындыларына сәйкес «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбына үздік мақала конкурсының жеңімпазы болып,Қызылорда қаласының тұрғыны, Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің құқықтану факультетінің студенті Н.Аманжол «Контрафактқа жол жоқ» тақырыбына үздік билборд эскизінің жеңімпазы болып Арал қаласының тұрғыны,Т.Рүстемов болып табылды. Жүлдегерлер 23 ақпанда Қазақстан концерттік залында жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Астана қаласына барып, ноутбук жүлделерін алып қайтты. Сонымен қатар, «Контрафактқа жол жоқ» тақырыбына арнап өлең шығарған Арал қаласының тұрғыны, «Болашақ» университетінің студенті Р.Зайтжанова конкурста қарастырылмаған жұбату сыйлығын жеңіп алды. Барлық қала, аудандық әділет басқармаларымен «Нұр Отан» партиясы қалалық, аудандық филиалының ғимараттарында 25 «Ашық есік» (2017ж – 24) күндері өткізіліп, барлығы 53 (2017-48) азаматтардың берген сұрақтары бойынша тиісті кеңестер берілді. Тауар таңбасы бойынша жауапкершіліктер туралы Әкімшілік және Қылмыстық Кодексінің 158, 222-ші баптары бойынша дайындалған «Заңды бұзба» тақырыбындағы бейнеролигі «Санжар ТВ» кабельдік теледидарының арнасы арқылы қаңтар – ақпан айларында жарықтандырылды. «ҚР Әділет министрлігімен зияткерлік меншік саласында көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттары мен регламенттері туралы» бейнеролик наурыз, сәуір айларында «Сета медиа» ЖШС-не LED экраннан жарықтандырылды. Әділет органдарымен контрафактілік өнімдерді таратумен күресу мәселелері бойынша аудандардағы кірістер, ішкі істер органдары өкілдерімен бірлесіп, 23 брифинг-кездесулер, 14 семинарлар өткізді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 20 маусымдағы Заңы ү.ж. 3 шілдесінен бастап насихатталуда. Аталған Заңдағы негізгі жаңалықтар: бір деңгейлі жүйені құру арқылы зияткерлік меншік обьектілерін тіркеу тәртібін жеңілдету,обьектілерді тіркеу мерзімдерін қысқарту, тауар таңбасы тіркеуге берілген кезде өтініш сатысында жариялау, өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу кезінде маңызды сипаттамалардың тізбесін ұсыну уралы талапты жою, дауларды алдын-ала реттеу мүмкіндігін кеңейту, тауар таңбасын заңсыз пайдалану үшін өтемақыны талап етуді енгізу,авторлық құқықты сотқа дейінгі реттеуді болдырмау,патенттік сенім білдірілген адамдардың біліктілік талаптарын нақтылау,процедураны жеңілдету және бір деңгейлі жүйеге көшу. Әділет министрлігінің зияткерлік меншік обьектілерін тіркеу бойынша функцияларын сараптама ұйымына, «ҰЗМИ» РМК-ға беру арқылы жүзеге асырылады.
И.Бәкішева
Әділет департаменті басшысының орынбасары,
Қазақстан заңгерлер Одағының мүшесі.
Әділет департаменті басшысының орынбасары,
Қазақстан заңгерлер Одағының мүшесі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<