Департаменттің бастамасымен қызметшілер бойында адалдық пен шыншылдық қасиетін арттыру мақсатында Жалағаш ауданында мемлекеттік мекемелердің арасында алғашқы болып аудандық білім бөлімінің ғимаратында «Адалдық дүкені» ашылып, өз жұмысын бастады.«Адалдық дүкенінің» ашылу мақсаты – азаматтар арасында адал еңбек етуді насихаттау, олардың бойында адалдық құндылықтарын арттыру болып табылады.
Жалпы дүкендер қызметі – қоғамдық сананы өзгертуге, қызметкердің жұмысы мен оның қызметін шыншылдық негізінде қалыптастыруға және жалпы адалдыққа шақыруға бағытталған.





