Жалағаш ауданына жаңа имам тағайындалды

743

0

Фото: Ақмешіт Сырдария

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының №183 бұйрығымен Жалағаш аудандық «Иманқұл» мешітінің бас имамы қызметіне Абенов Жақсыбек тағайындалды.

Ауданға арнайы барған Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы аудандық орталық мешітте «Қанағат қарын тойғызар» тақырыбында уағыз айтқан соң, аудан ақсақалдары мен барша жамағаттың алдында аталмыш қызметті абыроймен атқарған Асқаров Асхатқа алғыс білдіріп, ауданға тағайындалған жаңа имам Абенов Жақсыбекті таныстырды.

Абенов Жақсыбек – 1980 жылы Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.

Білімі: Жоғары

2011-2015 жж. «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша бакалаврі.

2015-2017 жж. «Нұр-Мүбарак»Египет Ислам мәдениеті университетінің «Дінтану»мамандығы бойынша магистрі.

Еңбек жолы:

008-2009 жж. Қызылорда облысы, Арал ауданы Қаратерең ауылы «Мамбетәлі ахун» мешітінің бас имамы;

2009-2011 жж. Қызылорда облысы, Сырдария аудандық орталық «Мұсылмандар» мешітінің бас имамы;

2013-2018 жж. Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы;

2014-2018 жж. Алматы қаласы, Жетісу ауданы «Сұлтан Қорған» мешітінің наиб имамы;

2018 жылдың сәуір-қазан айларында Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық «Алдажар жәме» мешітінің бас имамы;

2018-2022 жж. Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы;

2022 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы «Ақмешіт-Сырдария» облыстық орталық мешітінің бірінші наиб имамы қызметін атқарып келді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<