Облыстық білім басқармасы басшысының 2023 жылғы 18 шілдедегі №143-ЖҚ/1 бұйрығымен «Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына Әбдіқалықов Нұрхан Боранбекұлы тағайындалды.
Нұрхан Боранбекұлы 1979 жылы 5 ақпанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. 1996-2000 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Математика, қосымша физика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2010-2012 жылы аталған оқу орнын «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі атанған.
Еңбек жолын 2000 жылы Ә. Оңалбаев атындағы №117 орта мектебінің математика, физика пәндерінің мұғалімі болып бастаған.
2006-2007 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болды. 2007-2012 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы, факультет деканының орынбасары, 2012-2016 жылдары «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының оқу-әдістемелік бөлімінің әдіскері, бөлім меңгерушісі, 2016-2017 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің үздіксіз және қашықтықтан оқыту факультетінің әдескері, 2020-2021 жылдары Жалағаш ауданы, №119 орта мектеп директоры қызметтерін атқарды.
2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін облыстық білім басқармасының оқу орталығы (әдістемелік кабинет) кәсіптік білім бөлімінің меңгерушісі болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<