Жалағашта жаппай көкпар ойыны қарқынды дамып келеді

338

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Білегі мен жүрек күші мығым, ештеңеден тайсалмайтын нағыз палуандар додаға түскен жаппай көкпар ойыны бүгінде ресми сипат алып, өзіндік құндылығын қалыптастырды.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ҚР Жаппай көкпар федерациясын ресми аккредиттеуден өткізді.

Бүгінде халық арасында кеңінен таралған ұлттық спортымыздың ережесі жазылып, бекітілді. Жаңа ережеге сай тәртіп бұзған спортшыларға қатаң жаза қолданылып, үздік шабандоздар жүлдегер атанбақ. Серкенің салмағы да бекітілді. Ұлттық спортымыздың жанкүйерлері көбейіп, барлық көкпар ойындарының деңгейі теңестірілуде.

Қазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша ұлттық ойынымыз күн сайын дамып, жаппай көкпар жанашырлары осы дода ойындарының ауқымын кеңейтуге зор үлес қосуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<