Жалған ақпарат таратқан қызылордалық анықталды

773

0

Бүгінгі таңда өңірімізде Төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы ерекше түрде жұмыс атқарып келеді.

Төтенше жағдай кезінде 15 қаңтардағы мәліметке сәйкес облыс бойынша 240 құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Оның ішінде сот шешімімен 11 құқық бұзушыға ескерту берілсе, 47-не айыппұл салынды, 157-і әкімшілік қамаққа алынды. Ал Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұздың (ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы) 84дерегі анықталып, сот шешімімен 2 құқық бұзушыға ескерту, 11-не айыппұл, 84 әкімшілік қамаққа алу түріндегі тәртіптік шаралары көрілді.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Байқоңыр қаласының тұрғыны өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқаны анықталып,оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабының 1-бөлігімен (Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер) әкімшілік хаттама іс-құжаттары рәсімделіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Байқоңыр қалалық сотына жолданып, сот шешімімен «ескерту» түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды. 

«Облыс тұрғандарына: «Жалған ақпараттарды тарату фактілерін анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, арандатушыларды анықтау жұмыстары үнемі жүргізілетінін ескертеміз. Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<