Топ-баннер2

Жаңа Конституция жобасының маңызы тұрғындарға түсіндірілді 

17

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев Қарашеңгел, Құмжиек, Басықара ауылдық округтеріне барып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының маңыздылығы мен оның қоғам дамуына ықпалы кеңінен түсіндірілді. Жиында спикерлер жаңа Ата Заң жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, оның басты мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, әлеуметтік әділдікті нығайту, елдің тұрақты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыру екенін атап өтті. Сонымен қатар цифрлық қауіпсіздікті күшейту, неке және отбасы институтын қорғау, Халық кеңесін құру секілді қоғам өмірінің маңызды салаларын қамтитын бастамалар туралы айтылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Жиын соңында жергілікті тұрғындар Конституция заман талабына сай жаңарып отыруы тиіс екенін атап өтіп, бұл бастаманы елдің әділетті әрі бәсекеге қабілетті болашағына бастайтын маңызды қадам ретінде бағалап, қолдау білдірді.

Қазалы ауданы әкімдігі