Жарлық

8

0

15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы

2026 жылғы 11 ақпан

Қазақстан Республикасы Консти­туцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум ту­ралы» Қазақстан Республикасы Конс­ти­туциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін.

2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылып, республикалық референдумға шыға­рылсын.  

3. Осы Жарлық пен Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.

4. Республикалық референдумға да­йындық пен оны өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн ат­қаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Респуб­ликасының басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті             Қ.ТОҚАЕВ

 Астана, Ақорда,

2026 жылғы 11 ақпан

                   № 1170