Жасанған жағалау, жаңғырған даңғыл

307

0

Фото: Облыс әкімдігі

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге «Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Өткен жылдан бері Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан кө­шесіне дейінгі аралықтағы 6,7 ша­қырымдық даңғыл бойында қызу жұмыс басталған болатын. Сырдария өзенінің қорғаныш бөгетін нығайту да қатар жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 6 млрд 656 млн теңге, қажетті қаржы толық бөлініп, қа­зіргі таңда оның 4 млрд теңгесі игерілді. Құ­рылыс жұмыстарын «УАД» жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестігі ат­қаруда.

Қайта жаңғырту жұмыстары ая­сын­да ондағы жол қайта жаңартылып, асфальт төселді. Сырдария өзені бо­йындағы 1,4 шақырым қорғаныс бөгеті толықтай тазартылып, 1,4 ша­қырым тіреу қабырғасы тұрғызылды. Бұған қоса, бұрынғы екі жолақ жол төрт жолақты болып кеңейтіліп, ені 14 метрге дейін ұлғайтылды.

Жол бойында 8 балалар ойын алаңы мен спорттық құрал-жабдықтар ор­на­тылып, тұрғындардың бос уақы­тын тиімді өткізуіне жағдай жа­салды. Жағалау аймағы абат­тан­ды­рылып, серуендеуге қолайлы инфра­құрылым орнатылды. Даңғыл тек инженерлік тұрғыдан ғана емес, эстетикалық жа­ғынан да жаңарды. Жол жиегі түрлі-түсті бояулармен көмкеріліп, көз тартарлық суреттермен безендірілген.

Даңғылдың жалғасы ретінде Әбіл­қайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейін 2,9 шақырым жаңа жол салу көзделген. Бұл бағытта да өзен бойындағы қорғаныс бөгеті күшей­тіледі. Жобаға 5,3 млрд теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын «УАД» ЖШС қолға алған. Мұнда да төрт жолақты автожолмен қатар, ені 3 метрлік жаяу жүргіншілер жолы салынады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі