Жастар тәрбиесінің жанашыры

1134

0

         Мектеп оқушыларының арасында нашақорлықтың және есірткі қылмысының алдын алу маңызды. Әсіресе бүгінде әлеуметтік желі арқылы синтетиалық есірткінің саудасы қызып тұр. Аудандар мен шалғай ауыл мектептерінің балаларын тәрбиеліс іс-шараларға қатыстыруда аудандық білім бөлімі мамандарының еңбегі зор. Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының облыстық деңгейдегі әрбір алдын алу іс-шарасына Қармақшы ауданының оқушылары да белсенді қатысады. Байқаулар туралы ақпараттындыру, ұйымдастыру жұмыстарын белсенді атқаратын білікті мамандардың бірі Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова.

         Ақтолқын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету мақсатында еңбек етуде.  Құндылыққа негізделген тәрбиенің бір саласы дене тәрбиесі.  Дене тәрбиесі салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене бітімін жетілдірудің құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастырады. Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің, АИТ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтының негіздері бойынша жұмыстар өткізу тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі.

         Осы мақсаттта Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен  жыл көлемінде түрлі іс-шаралар өткізіп жүр. Ай сайын облыстық байқауға оқушылар қатыстырып, облыстан орындар мен бағалы сыйлықтарға ие болуда.

         Жыл басынан бері Қармақшы  ауданнан  оқушылар «Мен саған есірткі туралы айтып беремін…» облыстық эссе байқауына қатысты. Оқушылардың шығармашылығы сынға түскен сайта аудандағы №105, №80, №79 мектептер орын алды, хор байқауынан облыстан №274, №277,№108, №121,№272, №279, №26, №199, №279 мектептер жүлделі орынға ие болды. Ақпан айында «Берік отбасы есірткіден алыс» үгіт бригада сайысынан №272,№30, №80, №275, №121, №80 мектептер жеңімпаз атанды. Наурыз айында черлединг сайысынан №275, №272, №273, №79, №277, №121, №85, №30 мектептер, отбасы үндеуінен № 277,№121, №273, 275, №30 мектептер жүлделі орын мен бағалы сыйлыққа ие болды. Сәуір айында халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орай фестиваль ұйымдастырылды. Қаншама оқу орындарымен, оқушылармен байланысып, жұмысты үйіріп алып кететін Ақтолқын Каналбекқызы нағыз өз ісінің маманы.  

         Ол өзінің ұйымдастырушылық қабілеті мен біліктілігі нәтижесінде жоғары оқушылар тәрбиесінің дұрыс болуына үлес қосуда. Аудан мектептерінің тәрбие жұмыстары, тәлімгерлердің жұмыстарын ұйымдастырып, түрлі байқау, дөңгелек стол, кездесу, кештер өткізеді. Аудандық  оқушылар үйі, өнер мектебіне жетекшілік жұмысын үйлестіріп отырады. Оқушылардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуында қамтамассыз етеді.

Гүлбану МАҚАЖАН,

 «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<