Елбасы бастамасымен 2005 жылы құрылған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы биыл он үшінші жыл өз жұмысын жалғастыруда.Бағдарлама Қазалы ауданында да жүйелі түрде іске асып келеді. «Жасыл ел» жастар жасағының сарбазы болу – қазіргі таңда үлкен бедел, олай дейтініміз студенттер бос уақыттарында еліне қызмет етіп, туған жерін гүлдендіруге, көгалдандыруға ат салысса, екін-шіден, жазғы демалыстарын тиімді өткізеді. 1 маусымнан бастап Қазалы ауданында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 30 сарбазы өздерінің тұрғылықты жерлерінде көркейту-көгалдандыру жұмыстарын бастады.





