Жедел кеңес өтті

1450

0

Қызылорда қалалық Пробация үйінде Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Б.Жұмаштың қатысуымен семинар кеңес өтті.

Семинар кеңесте пробация есебінде сотталғандарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің барысы, қайта қылмысқа жол бермеу, сотқа жолданатын іс-кұжаттардың сапалылығы жөнінде мәселелер қозғалды.

Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Ж.Есмахановтың айтуынша қазіргі таңда пробация қызметінің есебінде 600-ге жуық сотталған есепте тұр. Есепке алынған әрбір азаматтың тұрмыстық жағдайы зерделеніп, қажетті әлеуметтік, құқықтық көмектер беріледі. Жұмыссыз сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қоса жеке кәсіп ашамын деген сотталғандарға мемлекет тарапынан берілетін грантты алу жолдары да түсіндіріліп, тиісті құжаттарды жинауға пробация қызметкерлері көмек көрсетеді. Олардың қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында жиі профилактикалық шаралар мен күнделікті мекенжайынан тексеру жұмыстары жүргізіледі деді пробация бастығы Жалғас Есмаханов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<