Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

1036

0

Кез келген өркениетті мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл толастаған емес. Өйткені, қоғам дамыған сайын бұл дерттің дендеп бара жатқаны кімді де болса алаңдатпай қоймайды. Жемқорлық біздің елді де айналып өткен жоқ, мұнымен күресуді біз де қолға алдық.

Бұл індет соңғы жылдары қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Ол мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болып, болашағына кері әсерін тигізері сөзсіз. Жемқорлықпен күрес шаралары күн тәртібінен түспейтіндей халге жеттік.

Бұл орайда, республиканың барлық аймағында жиындар мен кездесулер өтіп, тиісті органдар тарапынан бақылау күшейді. Барлық шаралар жүйелі түрде жүзеге асып, бақылау күшейгенмен айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік деп айту қиын.

Себебі, сыбайластық азайған жоқ. Қазақта «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген сөз бар. Бүгін күн тәртібінен түспей отырған мәселенің оң шешімін табуда барлығымыз біріксек, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастырсақ істің нәтижесін көруге толық мүмкіндік бар деп ойлаймын.

Бұл тұста әрбірімізге керегі – елге деген сүйіспеншілік, ұлттық рух. Өзіміздің, ұрпағымыздың болашағын ойласақ, тірлігіміздің жемісін көруді мақсат тұтсақ, дәл бүгіннен бастап қоғамдық дертпен күресуге күш салуымыз керек. Келер ұрпаққа кедергісіз келешек, жарқын болашақ, бірлігі бекем ел қалыптастыру бүгіннің еншісіндегі жауапты іс.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 1-ші қыркүйектегі  Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа аса мән беріп тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізуге тапсырма берілді.

Сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған  адамдарды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалыптастыруымыз қажет деді.

 Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі де осы – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Біз осы кеселмен күресу арқылы өскелең ұрпаққа да жемқорлықтың үлкен дерт екенін ұғындыра аламыз.

Қазір сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерін жою үшін Қазақстан азаматтарының құқықтық санасын арттыру жүргізілуде. Өйткені олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты абайсызда сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болып қалады. Бүгінде мемлекеттік органдарда сенім телефондары орналасқан. Мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тағылымдамалар өткізілуде.

                                          Ә. Есқараев

                                          Қызылорда облысы бойынша

                                          Қазынашылық департаменті

                             басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<