Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Сыр беткейдегі елді мекенге жасаған жұмыс сапары барсында Райым елді мекенінде болды. Даңқты Жетес бабаның есімін еншілеген елдің бүгінде көші көлікті, тірлігі тұрақты.
Ауылдық клубта болған тұрғындармен кездесуде елдегі ағайын алдымен ауылға жаңа мектеп салынса деген тілегін жеткізді. Сонымен қатар медициналық бекет және ауыл мектебінің ауласындағы ойын алаңын жаңалау сынды мәселелер көтерді. Айтылған ұсыныстардың орынды екенін айтқан аудан әкімі А.Оңғарбаев ауыл әкіміне елдің тілегін жеткізіп, жасалу керек жұмыстарға қатысты уақытылы ұсыныс енгізуге жұмыс жасау керектігін жеткізді.
Көтерілген мәселелерге қатысты бөлім басшыларына тапсырма жүктеп, олардың орындалуы бақылауда болатынын ескертті.
Сонымен қатар кездесу барысында Арал ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Н.Тасқынбаев Ақирек, Бекбауыл және Жетес би ауылдық округтері бойынша учаскелік полиция инспекторы қызметіне полиция лейтенанты Асылхан Тәжімбетов тағайындалғанын атап өтіп, жаңа тәртіп сақшысын елге таныстырды.
Жетес бидегі келелі кездесу барсында аудан әкімі А.Оңғарбаев ауылдың өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан бір топ азаматтарға жыл қорытындысымен аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<