ЖҰМЫЛСАҚ ЖЕҢЕМІЗ

323

0

ЖҰМЫЛСАҚ ЖЕҢЕМІЗ Cыбайлас жемқорлықпен күрестің ролі ерекше, өйткені, қоғамды кері тартар құбылысқа қарсы іс-әрекеттерсіз эконо­микалық, әлеуметтік салада тұрақты даму мүмкін емес.
Елімізде осы бағыттағы шаралар Қазақстан Респуб­ли­ка­сының «Сыбайлас жем­­қорлықпен күрес» за­ңында қарастырылған. Ол азамат­тардың құқығы мен бос­тан­дығын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қатерлерден Қа­зақстан Республикасын ұлттық қауіпсіздігін қам­та­масыз етуге, мемлекеттік функцияларды атқаратын мемлекеттік орган­дардың, лауазымды және өзге тұлғалардың, сонымен қатар оларға теңелген тұлға­лардың тиімді қызметін үйлестіруге кепіл болады. Сыбайлас жем­қорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың салдарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту, сыбайлас жем­қорлыққа байланыс­ты құқық бұзушылықтардың түрлерін, сонымен қатар жауапкершілік жағдайларын орнатуға ба­ғыт­талған.
Заң демократиялық бастау­ларды кеңейтуге, мемлекетті басқаруда жариялық және бақылау, халықтың мемлекетке және оның құрылымдарына сенімді нығайтуға, хабардар ма­мандардың мемлекеттік қыз­метке түсуін ынталандыруға жағдай туғызады.  
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер депар­­таментінде жемқорлық құқық­бұзушылықты болдырмау қызметкерлерді кәсіп­қой­лыққа, адалдыққа, жеке мүдделерінен қоғам мүддесін жоғары қоюға үндейтін шаралар жиі өткізіледі. Ұжымда жұмыс істеу іскерліктерін жетіл­діретін техникалық оқу­лар ұйым­дас­тырылады.
Мемлекеттік кірістер  органдары алдында тұрған көр­сетілген тапсырмаларға жету үшін сауатты, кәсіпқой қызметкерлер қажет.  

Р.АУШАНОВ,
облыс бойынша мемлекеттік
кірістер департаменті
аудит басқармасының
 бас маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<