Жұмыс кезінде екі аяғынан айырылған азаматқа көлік берді

418

0

Жұмыс кезінде екі аяғынан айырылған азаматқа көлік берді «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалына қарасты «Қызылорда магистралдық желі бөлімшесі» бастауыш партия ұйымы  «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматқа автокөлік сыйға тартты.
Қызылорда станциясының бұрынғы поезд құрастырушы Мұса Бегалиев 2011 жылы шілдеде түнгі ауысым кезінде сүрініп құлап, екі аяғы тізеден төмен поез астына басылып қалған еді. Дәрігерлер екі аяғын да кесуге мәжбүр болды.
– Ол уақытта әйелім жұмыссыз, балаларымыздың бірі студент, бірі мектеп жасында болатын. Басшылық қасымнан табылып, қолдан келген көмегін аяған жоқ. Үлкен ұлымды Қызылорда станциясына станса кезекшісі етіп жұмысқа орналастырды. Компания мен мекеме тарапынан берілетін әлеуметтік жәрдемнен тыс қалған емеспіз. Бүгін автокөлікті сыйға тарту етіп қуантты, – дейді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<