Жол сапасы бойынша 458 ақау анықталған

776

0

Қызылорда облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК филиал қызметкерлері 2022 жылдың 1 қарашасына дейін 150 нысанға 589 рет жолға тексеру жұмыстарына шықты. Ішінара тексеру барысында 1649 сынама алынып тексерілді, оның ішінде 321 жол құрылыс материалдарының сынамалары нормативтік құжаттардың талаптарына сай болмай шықты. Аспаптық тексеру барысында 458 ақау анықталды.

Филиал тарапынан берілген ескертпелер нәтижесінде 183 млн 660 мың 398 теңгеге 39955,4 шаршы метр асфальт бетон жамылғысы, 700 шаршы метр жол негізі және 1499 шаршы метр инертті материалдар ауыстырылып қайта салынды. Тапсырыс берушілер мен мердігерлерге табылған кемшіліктер бойынша хат жолданды.

Табылған ақаулар бойынша қалпына келтіру жұмыстары өз уақытында жүргізіліп жатыр.

Жалпы жұмыс барысында табылған ақаулар бойынша техникалық қадағалаушыға шара көру жөнінде Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасына жыл басынан бері 6 хат жолданды. 4 хат бойынша теріс жауап алынды, 1 хат бойынша 180 АЕК көрсеткішімен 9 айыппұл салынып, 6 айға лицензиясы тоқтатылды. 1 хат Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының қарауында жатыр.

Сондай-ақ, жыл басынан бері 21 битум сынамасы алынып, оның 13-і талапқа сай келмеген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<