Жыл межесінің жауапкершілігі

15

0

Кеше Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен 2025 жылғы қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары талқыланған Үкімет отырысы өтті. Басқосуға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма жүктеді.

– Біз барлық көрсеткіш бойынша болжамды жоспардың толық орындалуын қамтамасыз етуіміз қажет. Өткен 11 айдың қорытындысымен облысымызда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы қалыптасты.

Қызылорда қаласы мен аудандарда эко­номикалық өсім бар. Инвестиция, оның ішінде жеке инвестиция тарту жұмысы нәтижелі жүргізілді. Өнеркәсіп өндірісін дамытудың қосымша көздерін қарастырып, жыл қорытындысымен өсімді қамтамасыз етіңіздер.

Меншік түріне қарамастан (ірі, орта, шағын) бірде-бір кәсіпорын есептіліктен тыс қалмауы тиіс.

Экономикалық көрсеткіштердің қарқынды өсімі жолында нақты шаралар қабылдаңыздар. Кәсіпорындар ұсынатын есептіліктің уақытылы тапсырылуын, құжаттардың толымдылығын, статистикалық деректердің нақты есепке алынуын назарда ұстау керек, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ жауапты басшыларға жергілікті бюджеттің өз кірістері жоспарын толық орындау тапсырылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі