«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің жаңашыл жобалары қайтарымсыз жолмен қаржыландырылып отыр.
Жаңашыл идеясын конкурсқа ұсынған қызылордалық кәсіпкер Мақпал Төлепбергенованың бизнес-жобасы да Үкіметтен қолдау тапты. Ол былтыр «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы арнайы курстан өткен болатын. Қайтарымсыз қаржыға кәсіпкер қозықұйрық егіп, өнімін алып жатыр.
250 шаршы метр аумақта 2 камерасы бар фирма төрт адамды жұмыспен қамтып отыр.
Түрлі дәрумендерге бай қозықұйрық -қант диабетіне де таптырмас ем.
Тұқымын Ресей мемлекетінен алдырып фитосанитарлық сертификаттан өткен мицеллиден өсіп шыққан табиғи таза өнімі Қазақстан бойынша жеткізіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<