Зодиак белгілері мен мамандықтар: қай жұмыс түрі сізге сай?

1027

0

Зодиак белгілері мен мамандықтар: қай жұмыс түрі сізге сай? Болашақ мамандықты таңдау кім үшін болса да оңай түспесі анық. Өйткені, адамның мансабтық белестерін оңай әрі тез бағындыруына жұмыстың дұрыс таңдалуы ерекше ықпал етпек. Оған қоса, өзіңді қызмет барысында неғұрлым жайлы сезіну де мамандыққа қатысты дұрыс қабылданған шешімге тікелей байланысты.

Осыған орай, NUR.KZ зодиак белгілеріне қарап, оларға сай мамандықтар топтамасын құрастырды.

Сіздің жұмыс мансабыңыз төмендегі топтамаға сай келді ме? Өз пікіріңізді қалдырыңыз.

Тоқты – басқарушылық қызметтер, топ-менеджмент.

Бәрін тез үлгергендіктен, өз қызмет саласын өте ұзақ іздейді. Ақша санағанды жаны сүйеді. Оған қоса, тек қана өз қаражатын ғана емес, сондай-ақ басқа біреудің қаржысын да есептеуге қарсылық танытпайды. Топта жұмыс істегенді ұнатады. Ұйымды басқару ол үшін тіптен жақсы. Жұмыс барысында жоғары белестерді тез бағындырады. Алайда, өзінің күйгелектігі салдарынан қателіктерге бой алдырып, келіспеушіліктерге жиі тап болады. Ораторлық қасиеттері жоғары деңгейде дамыған.

Егіздер – PR, журналистика, өнер.

Үнемі ақпараттар легінде өмір сүруге мұқтаж бірден-бір зодиак белгісі. Өзіне жат нәрселер жайлы барынша көп білгісі келеді. Алайда, оны танып-білу үшін тереңінен зерттеуге ниеті жоқ. Көбінесе гуманитария саласына бейім, тілдер, әдебиет пен тарихты оқып білуге құмар. Барлық зодиак түрлерімен салыстырғанда, егіздер қатарынан дарынды адамдар өте көп шығып жатады.

Шаян-консалтинг, бапкерлік, білім беру саласы.

Шаяндар үнемі ізденіс үстінде. Олар әрдайым оқып, алған білімімен басқалармен бөліскенді ұнатады. Шаяндар өзіне таныс емес дүниелерді біліп-тануға жақын. Алайда, олар егіздер іспетті беткейін ғана емес, тереңінен зерттегенді жақсы көреді. Бұл зодиак белгілісндегілер өзге адамдармен тез қарым-қатынас орната алады. Алайда, арасында жалғыз қалуға да мұқтаж. Сол себепті, шаяндарға кішігірім топта немесе тіптен жалғыз жұмыс істеген сай келеді.

Арыстан – логистика, көлік, шоу-бизнес.

Арыстандар немен айналысатынына қарамастан, оларды үнемі жаңа нәрселерге қарай тартып тұрады. Үлкен маңыздылығы жоқ іспен айналысқанды ұнатпайды. Олар барынша өз аты шығып, әрі жетістіктерін ел білетіндей жұмыс істеуді таңдайды. Үлкен табыс әкелетін беделді мамандықтарды таңдауды жөн санауына қарамастан, қызмет саласын жиі ауыстырып тұрады.

Бикеш – бухгалтерия, қаржы, медицина.

Бикештерге анализ бен есептеуді талап ететін іспен айналысуды толықтай сенуге болады. Олар жағдайдың мән-жайы мен ұсақ түйектеріне дейін зертеуге құмар. Оған қоса, бикештердің адамдармен тіл табысуы да жаман емес. Алайда, бәрібір де мамандық таңдауда құжаттар мен есептермен байланысты жұмысқа таңдау жасаған абзал.

Таразы – заңгерлік, авиация.

Таразылар жұмыс пен жеке өмір арасында да, басқа салаларда да тепе-теңдікті мықты үйлестіре ұстай алады. Олардың ең басты кемшілігі шешім қабылдаудағы сенімсіздігі болса керек. Сол себепті, мамандық таңдағанда олар нақты құрылымы мен жұмыс істеу реті бар қызметтерге ерекше мән береді. Сонымен қатар, олар тамаша ұйымдастырушылар мен байланыстырушылар.

Сарышаян – IT, фармацевтика, сұлулық.

Сарышаян терең анализ бен түпкілікті сараптаманы талап ететін ең қиын жобалар мен салаларда қызмет ете алады. Оның үстіне ол ерекше талғамға ие. Бөтен жағымсыз энергияларды тым жақын қабылдағыштығын жойса адамдармен жақсы жұмыс істеп кетеді.

Мерген – туризм, спорт.

Жылдамдық, энергия, қозғалыс – бұлардың барлығы мергендерге қатысты айтылатын сөздер. Кейде оларға жұмыстың нәтижесінен гөрі, оны істеу белсенділігі маңыздырақ болып көрінеді. Мергендер адамдарды белгілі бір ойға қатысты біріктіре ұйымдастырғанды ұнатады.

Ешкімүйіз – өнеркәсіп, көлік құрылысы, IT.

Ешкімүйіздер үшін жұмыс әрдайым бірінші орында тұрады. Олар жұмыс істеуді біледі және өз қызметін жақсы көреді. Жұмыс орнын көп ауыстыра беретіндер қатарына жатпайды. Олар үшін басты нысана – ақша, табыс. Ешкімүйіздердің басты кемшілігі кертартпалығы болса керек. Бұл қасиеті кейбір кездері олардың алға жетелеуін тежейді.

Суқұйғыш – шығармашылық пен дизайн.

Суқұйғыштар табиғатынан байланыстырушы әрі жан-жақты, соған байланысты олар өздеріне адамдармен сөйлесу кездесетін мамандықтарды таңдайды. Олар біреуге қызмет етіп бағынғанша, өзіне-өзі бастық болып жұмыс істегені дұрыс. Суқұйғыштардың қолынан бір нәрсені құру немесе өздігінен жасап шығару жақсы келеді.

Балықтар – клммерциялық қызмет, психология.

Балықтар адамдарды көріп қана қоймай, оларды тлықтай түсіне алатын бірден-бір зодиак белгісі. Қатаң талаптар мен шектеулері жоқ қызметте өзін барынша жайлы сезінеді. Адамды тыңдаумен қатар, оларды көндіруге бейім келеді. Жұмыс сапарларына жиі шығып тұрғанды жаны сүйеді. Қызмет мансабын ауыстыруды өте ауыр қабылдайды. Өз жұмыс орнына қатты үйоеніп алатын балықтар қызметін жылдар бойы ауыстырмайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<