Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры түркі халықтарының сан ғасырлық мәдениеті мен тарихын дәріптеу мақсатында «Үш Озан бірге» (озан – ақын-әнші) жаңа жобасын жүзеге асырып жатыр.
Жоба аясында түркі әлемінің үш ақыны – Жүніс Әміре, Ашық Алескер және Жамбыл Жабаевтың мерейтойына байланысты пошта маркалары шығарылды. Маркаларды Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі жанындағы «Азерпост» ЖШҚ-мен бірлесіп айналымға енгізді.
Маркалар дизайнын әзербайжандық суретші Орхан Гараев жасаған, онда ақындардың портреттері бейнеленген.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<