Ахмет Байтұрсынұлы мен Роза Бағланованың мерейтойы ЮНЕСКО-ның халықаралық тізіміне енді

1118

0

ЮНЕСКО-ның 41-ші ,ас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізіміне Қазақстанның ұсынысымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және Роза Бағланованың 100 жылдығы енді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

«Қазақстанның Франциядағы Елшісі және ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Жан Ғалиев бас конференцияға ұсыныстарымызды қолдағаны үшін алғыс білдіріп, мүше мемлекеттерді және Ұйым хатшылығын аталған мерейтойлар аясында елімізде және шетелде өткізілуі жоспарланып отырған іс-шараларға қатысуға шақырды», – делінген хабарламада.

2022-2023 жылдарға арналған тізімге ұйымға мүше мемлекеттер ұсынған 67 мерейтой кірді.

Бұдан басқа, бас конференция аясында жасырын дауыс беру нәтижелері бойынша Қазақстан 2021-2025 жылдар кезеңіне ЮНЕСКО-ның екі субсидиарлық органдарының, атап айтқанда, Халықаралық гидрологиялық бағдарламаның және Коммуникацияны дамытудың халықаралық бағдарламасының үкіметаралық кеңестірінің құрамына сайланды.

ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттер Қазақстанға білдірген сенімі еліміздің ұйым қызметіне қосып жүрген мазмұнды үлесін тану болып табылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<