Архивтанушы мамандар сұранысқа ие

1009

0

Архивтанушы мамандар сұранысқа ие Халық арасында архив  десе, өткен ға­сырда ақиық ақын Мұқағали Мақатаев қа­лып­­тастырған бір шумақ өлеңнен басқа ешнәр­се ойға келмейтіні хақ.
Қазіргі уақыттағы архивтердегі жүр­гізіліп жатқан жұмыстардың нәти­жесінде, архив қызметіне жүгінген  жанға шаңның емес, келешекте саусақ ізінің өзін табу қиын болары сөзсіз. Оның себебі, біздің ғасыр ақпараттық қоғам дәуірі болғаннан кейін, цифрлық технология, ақпараттық технология, электронды құжат ұғымдарының қол­данысқа еніп, архивтердің элек­трондық деңгейге ауыса бастауы.
Осы орайда архив саласын же­тіл­діруде әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетіндегі  тарих, архео­логия және этнология факультетінде ар­хив және құжаттану саласы үшін магистр мамандарды даярлауда,  ІТ-Ар­хивтану және құжаттану білім беру бағдарламасы  ашылды. Бұл білім беру бағдарламасының ашылуы қа­зіргі тұрақты да өзгермелі қоғамда, архив ісі мен құжаттануда ақпараттық технологияларды дамыту және оларды енгізуді біз қалай жүзеге асырамыз деген сұрақтың  жауабы болды. Білім беру бағдарламасының ашылу мақсаты – архив ісі мен құжаттану саласында заманға сай білімді де білікті мамандар даярлау,  олардың білімін жетілдіруде озық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы архив пен құжаттану саласын жетілдіріп, еліміздің әлем елдерінің қатарына енуіне ықпал жасау, архивтерде цифр­ландыру үдерісін жүргізуде қағазбастылықтан арылып, электронды құжаттардың дұрыс әрі сапалы жүргізілуіне жағдай жасауда қажетті мамандарды шығару болып табылады.
Компьютерлік желілік технологияны әмбе­бап қолданумен қатар, компьютерлік ақпа­раттық технологияларды да қолдану барған сайын маңызды рөл атқаруда. Қазіргі кезеңде барлық архивтік басқармалар мен құжат айналымын жүргізетін ұйымдар компьютермен басқарылатын жаңа сандық үлгіні енгізді.
 Қоғамға қолжетімділік аясында еліміздегі мемлекеттік архивтердің  электронды сайттарын  толық  же­тілдіру – ІТ-архивистердің міндеті.  Ме­кемелер мен кәсіпорындарда құ­жат айналы­мының заманауи ин­фра­құрылымын қалып­тастыруда тех­но­­логиялардың рөлі зор. Себебі, қо­­ғамның қай саласы болмасын тех­но­­­логиялардың көмегіне жүгінеді, оған себеп технологияның барлық жағдайда адам қызметін жеңілдетуі.  Сондықтан архивтерді басқаруда, құжат айналымын заман талабына сай жүргізуде  ақпараттық технологияларды қолдануды күшейту өте маңызды және бұл – ІТ-архивистер мен құжат­танушылардың басты жұмысы.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында көптеген бағдарламалар  елі­мізді көркейту мақсатында қолға алы­нуда. Солардың бірі – Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы. ІТ-Архивтану және құжаттану білім беру бағдарламасының ашылуы  осы бағдарламамен тікелей қатысты. Бұл бағдарламаның мақсаты  – цифрлық технологияларды қолдану арқылы еліміздің әрбір азаматының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ма­ңызды кешенді бағдарлама. Цифрлық технологиялар ел экономикасын дамытуда  және архив ісі мен құжат ай­налымын нәтижелі жүргізуде аса маңызды рөл атқарады. Бүгінде цифр­ландыру процесі әлемдегі бар­лық елдерге әсер етеді. Аталған бағ­дарламаның бес бағыты бар, соның   екінші  бағыты – цифрлық мем­лекетке көшу деп аталады. Бағ­дарлама аясында еліміздің барлық мате­риалдық және материалдық емес тарихи және мәдени мұрасының ма­ңызды элементтерін электрондық фор­матқа көшіру жоспарланған. Қа­зіргі уақыт­та дәстүрлі құжаттарды цифрландыру жұмысымен елімізде Қазақстан Республикасының Пре­зидентінің архиві ал­дыңғы орында тұр. Бұл құжаттарды цифр­лан­дыру жұмысымен келешек уақытта бар­лық мемлекеттік архивтермен қоса  ве­домст­волық архивтердің де айналысатыны күмән туғызбайды. Дәстүрлі құжаттарды цифр­ландырудың нәти­жесі электрондық архив­­тердің пайда болуына жағдай жасайды. Электронды архивтердің пайда болуы – ізденістегі уақыт пен материалдық шығынды қысқартудың ең тиімді жолы. Цифрлық мемлекетке көшу бағыты құжат айналымына да тікелей қатысты. Осы бағыт аясында ІТ-Архивтану және құжаттану мамандары құжат айналымында, ақпараттық технологияларды қолдану, кәсіпорындар мен мекемелерде  қағаз түріндегі құжат айналымын азайту және аз уақытта соны жою­ды қарастырады.
ІТ-Архивтану және құжаттану білім беру бағдарламасының ашы­луының тағы бір себебі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында жариялаған «Архив – 2025» бағдарламасын жүзеге асыру. Осы тұрғыда оларға жүктелетін міндеттер көп болғалы тұр. Өйткені, Н.Назарбаев «Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифр­лық форматқа көшіру керек» деді. Бұл дегеніміз – ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа сақтап қалдыру мақсатында жасалатын дүние. Өткен тарихын сақтап, танып-білу – рухани жаңғырудың да басты кілті. Ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарымыз сақталмаса, онда ешқандай да жаңғыру болмайды. Осының негізінде ұлттың болашағы үшін архивтік құжаттарды ұрпақтан-ұрпаққа сақтап қал­дыруда ІТ-Ар­хив­тану және құжаттану білім беру бағ­дарламасы керек.
Нұртай ӘБДІРӘСІЛОВ,
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-курс магистранты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<