Қазақтың ескі әндері мен күйлері аудиомұрағатқа топтастырылды

537

0

Қазақтың ескі әндері мен күйлері аудиомұрағатқа топтастырылды Қазақстанның Ұлттық музейінде «Қазақтың музыка өнері» аудиомұрағатының салтанатты тұсаукесері өтеді, – деп хабарланған  Астана әкімдігінің ресми сайтында.

Аталған жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бұл дыбыстық ресурстың мақсаты – ескі дыбыстық жазбаларды түпнұсқалық дыбыста сақтап өскелең ұрпаққа мирас ету, оны жас өнер шеберлерінің пайдалануына мүмкіндік беру, сондай-ақ ғылыми айналымға енгізу. 

Ұсынылған аудиомұрағаттан көне әрі заманауи күйлер мен әндерді тауып, тыңдауға болады. Болашақта халықтың сүйіктісіне айналған орындаушылардың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармаларын жазып, өңдеп, көпшілікке ұсыну жоспарлануда.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<