Бас жүлде және 1 миллион теңге

553

0

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Рухани қазына – 2019» мәдениет және өнер саласы шағын ұйымдары мен қызметкерлерінің ІІ республикалық фестивалінде облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы «Үздік облыстық халық шығармашылығы орталығы» аталымы бойынша бас жүлдені және 1 миллион теңгенің сертификатын жеңіп алды.

Сондай-ақ, 18 аталым бо­йынша 200-ден астам мәдениет саласының қызметкерлері қа­тыс­­қан шарада Ә.Тәжібаев атын­­дағы облыстық әмбебап ғы­лыми кітапханасының бө­лім меңгерушісі Қалдыгүл Дос­ма­ғанбетова «Облыстық маңызы бар кітапхананың үздік мем­лекеттік қызметкері» номина­циясы бойынша жеңімпаз ата­нып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің «Мәдениет сала­сы­ның үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Айта кетейік, елімізде екінші мәрте ұйымдастырылып отырған фестиваль Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зи­денті – Елбасы Н.Ә. Назар­баевтың «Рухани жаңғыру» бағ­дарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында өткізілді.

Фестивальдің мақсаты – мәдениет саласы қызмет­кер­ле­рінің қызметінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, со­ның ішінде кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық сала­сын­дағы қызметкерлердің кә­сіби шеберлігін арттыру, қазақ­стандық патриотизм мен ұлт­тық-мәдени бірлікті дамыту аясында ұлттық мәдениетті насихаттау, аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін көтеру, үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін ортаға салу. 

Өнер биігінен көрінген жер­лес­­теріміздің шығарма­шылы­ғына сәттілік тілейміз.

Мейрамгүл дАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<