Елін сүйген Елмұра

1008

0

Жуырда Астана қаласында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет қайраткері, өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, өнертану профессоры Елмұра Жаңабергеннің шығармашылығының 35 жылдығына орай «Ұстаз тағылымы» атты ән-жыр кеші өтті.

Осы күні түске дейін Ұлттық академиялық кітапханада Елмұраның «Арал-Қазалы өңірінің жыраулық дәстүрі» тақырыбында жазылған алғашқы ғылыми монографиясының тұсаукесері болды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнер майталмандары, ақын-жазушылар, еңбек ардагерлері қатысты.

Елмұраның жыр кешіне жиналған халық аяғына дейін тапжылмай тыңдап, көңілдері шалқып, қол соғып, ризашылығын білдірді.

Соңында жыр кешіне келген тілектес өнер майталмандары, ардагер ел ағалары ризалықпен игі тілектерін айтып, гүл шоқтарын табыс етті. Ардагерлер атынан сөз алған экономика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, Арал ауданының және Жамбыл облысының құрметті азаматы Алданыш Нұрымов құттықтап, арнайы әкелген ескерткішін табыс еткен қазалылық еңбек ардагері Қаршыға Жұмабаев батасын берді.

Шамша АЙТУҒАНОВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Астана қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<