“Кешірші…” драмасы сахналанды

5481

0

Фото: Мәдениет басқармасы

«Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні аясында жазушы, журналист, документалист, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қанат Тілеуханның “Кешірші…” драмасы алғаш рет Сыр сахнасында сахналанды.

Спектакльдің негізгі мазмұны Ғазиз бен Айзат есімді отбасылық жұптың бала сүйе алмай, бірнеше жыл сәби аңсап сол аралықта берілген сынаққа бірде сынбай күрессе, бірде қолдан кеткен қателікке өкінсе де, өкірсе де, өтінсе де өзгермейтіндей көрінеді.Төрт қабырға ішіндегі құбылыс сырттағыларға байқалмайды да. Тек екеуге аян. Ер мен әйелдің ойлауы да, болмысы да бір арнаға тоғыспайды. Бұл – заңдылық! Әйел жанын ұғып, сезімімен санасып, керексіз кикілжіңдерді көбейтпей, көңілдің кілтін тапсақ, ажырасудың алдын алмақпыз! Кешірімге….кеш емес…

Спектакльдің режиссері театрдың талантты әртісі Қанат Архабаев. Қанат Архабаев өзі режиссер әрі басты рөлдегі Ғазизды сомдаса ал, жарының рөлінде өмірдегі әрі өнердегі жары, актриса Бибідана Мақсұт. Диана рөлінде- Жаухар Еркінова.

Айта кететін жайт, қойылымды басқарма басшысы Мира Қазбекова және автордың өзі, жазушы, журналист, документалист, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қанат Тілеухан және өмірлік серігі, асыл жары Аида Исаева. Сондай-ақ, әдебиетші, “Тіл мен жүрек”, “ Сөздің жолы” сын кітаптарының авторы, “Дарын” Мемлекеттік жастар сыйлығының лаураеты Бағашар Тұрсынбайұлы арнайы келіп тамашалады.

Көрермендер спектакльді ерекше ықыласпен қабылдап, көздеріне жас алып, өмірдің нақ өзін спектакль арқылы жеткізген өнер иелеріне зор қошемет білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<