«Мұңмен алысқан адам»

395

0

«Мұңмен   алысқан адам» Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының ұжымы көрші елге гастрольдік сапармен барады.

Сапар барысында өзбекстандық көрермен назарына Қа­­­­зақ­­­­с­тан­­ның еңбек сіңірген қай­раткері, жа­­зу­шы-драматург, жер­­лесіміз Жол­тай Әлмашұлының «Мұңмен алыс­қан адам» драмасы ұсынылады. Шығармаға Францияда тұрып жат­­қан Асан қарияның туған жерге деген сағынышы өзек болған. Ерте заманда елінен жырақтаған ол қартайған шағында туған өлке­сіне оралуды аңсайды. Әкесінің бұл арманына үлкен ұлы Марат қар­сы келеді. Тек кіші ұлы Елжанның демеуімен атамекенге оралып, арманына жетеді. Автор осылайша жастардың шет ел асып, елге оралуға асықпайтынын, баланың ата-анаға құрметін әсерлі етіп жеткізуге тырысқан.

Басты кейіпкерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бегайдаров сомдайды. Қоюшы режиссер – Қазақстанның халық артисі Ерсайын Төлеу­бай, қоюшы суретші – Маралбек Нұрмаханов. Спектакль Хамза атындағы Өзбекстан ұлттық академиялық драма театрында сахналанады.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<