Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы мақала өзінің маңыздылығымен музей қызметкерлерінің арасында қолдау табуда.
Мақаланың басты мақсаты – ел Тәуелсіздігінің 30 жылда қол жеткен жетістіктерін саралау, тәуелсіздіктің құндылықтарын мәңгілік сақтау, қадірін түсіндіру. Президент 30 жылды үш онжылдыққа бөліп, әр кезеңдегі еліміздің өсу жолдарын нақты талдап көрсетті.
Облыстық тарихи өлкетану музейінің Ақмешіт филиалы үшін де соңғы он жылдық тарихымызды саралап, ұлт шежіресін зерттеп, түгендеуге жол ашқан кезең болды. Осы жылдар ішінде қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша іргелі ізденістер мен түрлі бағыттар бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді.
Музейде тарихымызды тереңнен айғақтайтын ата бабамыздың басынан өткен қиын қыстау кезеңдерді түсіндіретін ұрпақтан ұрпаққа берілетін құжаттар жеткілікті. Қиындықпен келген Тәуелсіздік жолындағы тарихта қалған әрбір даталы күндер музейде аталып өтіліп, музей қоры жыл сайын толықтырылып отыр.
Тәуелсіздігіміздің мерей тойы қарсаңында, халқымызды шексіз қырғынға ұшыратқан 1921-1922 жылдардағы ашаршылық нәубетіне 100 жыл толуы, әйгілі желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы, Семей полигонының жабылуы сияқты ауқымды шараларға үн қосып, зерттеп, жинақтауға үлес қосу, тәуелсіздіктің сан жетпес құндылығын ұрпақ санасына жеткізу біздің міндетіміз болмақ. Осы ретте музей ұжымы, Мемлекет басшысы жариялаған маңызды мақаланы міндетке алып әрі қарайда жұмыс жүргізетін болады.
К.АХМЕТОВА,
Ақмешіт филиалы музейінің меңгерушісі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<