Қара жорға биін биледі

1416

0

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеушілерге арналған мерекелік шара өтті.

Аталған іс- шараны мекеме бастығы, әділет подполковнигі А.Махашев ашып, «Наурыз мерекесі жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің мерекесі. Күн мен түннің теңелген ,ауызымыз аққа кенелген осынау тамаша мерекемен құттықтаймын!» деп жылы лебізін білдірді.

Мерекелік шарада сотталған азаматтар мен азаматшалар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, қара жорға биін биледі.Іс шара соңында сотталғандарға арналған мерекелік дастархан жайылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<