Қазалыда облыстық жыршы-жыраулар фестивалі өтті

1282

0

Қазалыда Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл және халық батыры Ақтан Ақайұлының 250 жылдығына орай «Бабалар сөзі – даналар көзі» атты облыстық дастан орындаушы жыршы-жыраулар фестивалі өтті.

Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен шараны Қазалы ауданы әкімдігінің қолдауымен облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесіп өткізді.Жыршы-жыраулар фестивалінің ашылу салтанатында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының басшысы, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Жанат Ашанқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сахна төріне көтерліген жыршы-жыраулар Өмірзақ Жанболат (Қазалы ауданы), Тәңірбергенов Айбек (Арал ауданы), Ахметов Руслан (Қызылорда облысы), Айдос Тұрар (Қазалы), Майра Сәрсенбаева (Қызылорда), Қуаңбаев Әділхан (Қызылорда), Бейімбетова Шолпан (Қызылорда) Рахметов Айдос (Қызылорда), Ешбаева Әйгерім (Қармақшы ауданы), Сүгірбай Марат (Қызылорда) өте жоғары деңгейде өнер көрсетті.Облыстық деңгейде өткен мәдени шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев қорытындылап, қатысушылардың барлығына да диплом мен арнайы қаржылай сыйлық табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<