Қазалыда театр ұжымдарының фестивалі өтті

806

0

Бүгін Қазалы ауданында 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай «Театр – өмір айнасы» атты драма ұжымдарының аудандық фестивалі өтті.

Аудандық театр ұжымдары фестиваль нәтижесі бойынша Абай ауылындағы №90 мектеп оқушылары жүрек жылытар «Дауыл әкелген дәрігер» атты көрінісін сәтті сахналап, «Үздік қойылым» номинациясын иеленді. Ал «Үздік режиссер» номинациясы Бозкөл ауылдық мәдениет үйінің драма үйірмесінің режиссері Ляззат Тәңірбергеноваға бұйырса, «Үздік әйел бейнесін» Түктібаев ауылынан келген Назерке Дәулетжанова иеленді. Сонымен қатар, Жалаңтөс батыр ауылының өнерпазы Ербол Ізтілеуов «Үздік ер адам бейнесін» қанжығаласа, өркендеулік Болатбек Рсалы «Үздік актерді» алды. Басқа да, «Ең жас актер» мен «Көрермен көзайымы» бағамы басықаралық Нұрсат Қожабаев пен Бекарыстан би ауылынан келген Шерхан Тілеуназарға бұйырды.

Рухани азыққа қаныққан жұрт көңілі көншіп, сахна төрінен орын алған марапат иелері ыстық ықылас пен ду қол шапалаққа бөленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<