Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап ауданға қарасты Майдакөл ауылына барып, алдағы уақытта салынатын клубтың орнын көрді.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаев жаңадан салынатын 100 орындық клубтың жоба-сметалық құжаттарын дайындауға қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілгенін айтты.
Қазіргі таңда жеңімпаз мекеме анықталып, тиісті жұмыстар басталып жатыр. Жоба-сметалық құжаттар дайындалған соң құрылыс жұмыстарын бастау үшін қаржыландыру көздері қарастырылатын болады.
Аудан басшысы Мұхтар Оразбаевауылдық клуб салынатын жер оңтайлы жерден таңдалғанын тілге тиек етіп, ауылдық округ әкімі Нүркен Сералиевке тұрғындар мен қоғамдастық мүшелерінің келісімін алу қажеттігін жеткізді.
Сонымен қатар, Мұхтар Әуесұлы көктемгі экологиялық мол суды алу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, каналдар мен жайылымдық жерге су жіберуді тапсырды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<